$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Түркияда автобус апатынан 45 адам зардап шекті

Редактор
03.11.2026, 17:11
Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр
Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды

Түркияның орталық бөлігіндегі Конья провинциясында қалааралық жолаушылар автобусы аударылып, 45 адам зардап шекті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы İHA ақпарат агенттігі мәлімдеді. Жол-көлік оқиғасы Ыспарта – Бейшехир тасжолында болған. Анталья – Ыгдыр бағыты бойынша қатынайтын жергілікті Yeni Diyarbakır көлік компаниясының автобусы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалуы салдарынан жолдан шығып кетіп, жыраға аударылған.

Апат салдарынан автобуста болған 45 адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың 40-қа жуығы жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендер Бейшехир мемлекеттік ауруханасына жеткізілді. Кейін олардың бесеуі Конья қаласындағы медициналық мекемелерге, тағы үшеуі Сейдишехир ауданындағы ауруханаларға ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау