$ 453.26
€ 506.7
₽ 5.58

Тоқаев тағы бір лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Редактор
03.11.2026, 13:25
Фото: Жоғары Сот Кеңесі
Фото: Жоғары Сот Кеңесі
Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің аппарат басшысын қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дәурен Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл туралы 3 қарашада Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Дәурен Мұратбеков аталған қызметке 2024 жылғы 9 ақпанда тағайындалған болатын.

Ол 1984 жылы дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық құқық, ал А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бастаған. Кейін Ұлттық инновациялық қорда, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікте басшылық қызметтер атқарды. 2014–2018 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментін басқарған. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінде сектор меңгерушісі және мемлекеттік инспектор болып жұмыс істеген. Әзірге Дәурен Мұратбековтің қызметтен босатылу себебі мен оның орнына кім тағайындалатыны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау