$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

«Жиынға кешіккені үшін соққыға жыққан»: Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы өлім мен өмір арасында жатыр

Редактор
03.11.2026, 11:28
“Халықстан” телеграм-арнасы
“Халықстан” телеграм-арнасы
Оқиғаға қатысушылар полицияға жеткізілген

31 қазан күні Жамбыл ауданының Бірлесу-Еңбек ауылында жасөспірімдер арасында жанжал болып, 9-сынып оқушысы ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Зардап шеккен баланың туыстарының айтуынша, оқушы жасөспірімдер жиналысына кешігіп келгені үшін соққыға жығылған болуы мүмкін. Олар ауылда үлкендердің кішілерге әлімжеттік көрсетіп, ақша жинайтынын және айтқанына көнбегендерді жазалайтынын алға тартады. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал кезінде жасөспірімдердің бірі екіншісінің кеуде тұсынан жұдырықпен ұрған. Салдарынан оқушы есінен танып, ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы өте ауыр әрі тұрақсыз. Жасөспірім жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысушылар полицияға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау