$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

«Айына 8 миллион кредит жабамын»: Мөлдір Мұқанова қарызы туралы ашық айтты

Редактор
02.11.2026, 17:35
Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі
Продюсер қомақты несие төлейтінін жасырмайтынын айтты

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, продюсер Мөлдір Мұқанова өзіне қымбат сыйлық жасағанын айтып, ай сайын несие төлеуге қомақты қаражат жұмсайтынын жасырмады. Ол алғаш рет бриллиант алқа сатып алғанын да көпшілікке көрсетті, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Мөлдір Мұқанованың айтуынша, ол жақында өзіне бриллиант алқа сыйлаған. Қымбат әшекейді әзірге екі рет қана таққанын жеткізген продюсер қаржылық міндеттемелері туралы да ашық айтты.

«Өз-өзіме сыйлық жасадым. Бұл – менің алғашқы бриллиантым. Өзімнің кольем. Жақында ғана алдым. Жап-жаңа. Бүгін екінші рет тағып тұрмын. Сонымен қатар айына 8 миллион кредит жабамын. Мұнша қарызымның барын жасырмаймын. Онда тұрған не бар? Еш уайымдамаңыздар, әр қазақтың басында кредит бар», – деді Мөлдір Мұқанова.

Продюсер қомақты несие төлейтінін жасырмайтынын және мұны уайымдауға себеп көрмейтінін білдірді. Алайда несиені қандай мақсатта алғанын және жалпы қарыз көлемін нақтыламады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау