Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру барысында әскери оқу-жаттығуларды ұйымдастыру мен өткізу кезінде бірқатар кемшілік анықталды. Атап айтқанда, қауіпті жағдайларды бағалау, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және төтенше жағдайда жедел шешім қабылдау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Үкімет басшысының мәліметінше, тексеру нәтижесінде оқу-жаттығулар барысын бақылауды ұйымдастыруда, ықтимал тәуекелдерді бағалауда және жағдай өзгерген кезде жедел әрекет етуге дайындықта кемшіліктер бары анықталған.
«Атап айтқанда, қауіпті факторларға жеткілікті назар аудармау, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және оқу-жаттығулардың қауіпті кезеңдерін тоқтата тұру туралы шешімдердің уақтылы қабылдануына тиісті бақылаудың болмауы анықталды», – делінген Олжас Бектеновтің жауабында.
Осылайша, тексеру әскери оқу-жаттығуларды өткізу кезінде қауіпсіздікке қатысты бақылау тетіктерінде олқылықтар бар екенін көрсеткен.