Ақтөбеде Неке сарайының ғимаратында әйел адам өлтірілді. Күдікті оқиға орнынан ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті жазды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің жеке басын жедел анықтап, оны қолға алған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Кейін полиция қосымша мәлімет берді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті марқұм әйелдің бұрынғы бірге тұрған азаматы болған. Екеуінің арасында Неке сарайында ата-ана құқығынан бас тарту мәселесіне байланысты жанжал туындаған. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.