Қазақстанда Көлік министрлігінің басшылығы ауысты. Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Әсел Жанасова Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2010 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясымен Кембридж университетінің компьютерлік ғылымдар факультетін тәмамдаған. 2014 жылы осы университет пен М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Executive Management бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын Лондонда халықаралық компанияда ақпараттық технологиялар саласының маманы ретінде бастаған. Кейін Ұлттық банк, «Зерде» ұлттық холдингі және «Астана» халықаралық қаржы орталығында түрлі басшылық қызметтер атқарған.
2020–2022 жылдары Сауда және интеграция вице-министрі, 2022–2025 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болған.
2025 жылғы 8 маусымда Президенттің кеңесшісі болып тағайындалса, сол жылдың 10 желтоқсанында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне кіріскен.
Еске салайық, 3 қарашада Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметінен босатылған болатын.