$ 453.26
€ 506.7
₽ 5.58

«Ақиқат қабірде қалмауы керек»: 19 жастағы Мадинаның денесі қайта қазылып алынды

Редактор
04.11.2026, 18:44
Коллаж
Коллаж
19 жастағы Мадинаның денесі қайта қазып алынды: өлімінің мән-жайы қайта тексеріледі

Алматы маңында Меркіде қайтыс болған 19 жастағы Мадинаның мәйітіне эксгумация жүргізілді. Бұған марқұмның өліміне қатысты алғашқы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына күмән туындауы себеп болған. Бұл туралы қоғам белсендісі Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.

Оның айтуынша, алғашқы сараптаманың нәтижесімен келіспеген тарап қайта сараптама жүргізуді талап еткен. Бүгін осы талапқа байланысты полиция қызметкерлері мен тиісті мамандардың қатысуымен марқұмның денесі қабірден қайта шығарылған.

Жан Ахмадиев Мадинаның артында небәрі сегіз айлық сәбиі қалғанын атап өтті. Ол жас ананың өліміне қатысты барлық сұраққа нақты жауап берілуі керектігін айтып, істің әділ әрі жан-жақты тергелуін талап етті.

«Ақиқат қабірде қалмауы керек!» – деп жазды Жан Ахмадиев.

Әзірге эксгумациядан кейінгі сараптаманың қорытындысы жарияланған жоқ. Мадинаның өліміне қатысты істің барлық мән-жайы қосымша зерттеуді қажет етеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау