$ 453.26
€ 506.7
₽ 5.58

Жетісуда экскаватор қаққан 11 жастағы қыз қаза тапты

Редактор
05.11.2026, 08:48
ЖИ
ЖИ
Қайғылы оқиға 3 қарашада болған

Жетісу облысының Текелі қаласында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 11 жастағы қызды экскаватор қағып кетті. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Volvo маркалы дөңгелекті экскаватордың жүргізушісі жол қиылысынан өтіп бара жатып, жаяу жүргіншілер өткеліндегі қызды қағып кеткен.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Volvo маркалы дөңгелекті экскаватордың жүргізушісі жол қиылысынан өту кезінде жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан қыз бала көз жұмды», – деп хабарлады полиция.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Арнайы техниканың жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеушілер жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қылмыстық істің тергелуі Жетісу облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау