Қор нарығында доллар тағы 3 теңгеге арзандады

Редактор
11.02.2025, 22:00
Қор нарығында доллар тағы 3 теңгеге арзандады
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,48 теңгеге арзандады.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,48 теңгеге арзандады.

Осылайша бір АҚШ долларының орташа бағамы – 506,43 теңге болып отыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Ұлттық банктің 11 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 527,29.

Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507,06 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509,4 теңге. Еуро 522 — 527 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506,3 теңге, сатып алу құны — 512 теңге. Еуро 519 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18 - 5,28 аралығында саудаланып жатыр.