$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

АҚШ-та әлемге танылған қазақ ғалымы өмірден өтті

Редактор
06.11.2026, 14:29
әлеуметтік желі
әлеуметтік желі
1995 жылдан бастап АҚШ-та жұмыс істеген

Медициналық технологиялар мен физика саласында зерттеулер жүргізген қазақ ғалымы Манат Мәуленбайұлы АҚШ-тың Калифорния штатында дүниеден өтті, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Ғалымның қайтыс болғаны туралы хабарды Калифорниядағы MCC East Bay мұсылман қауымдастық орталығы мен Қазақ халықаралық ғылым және технологиялар қауымдастығы (QIST) жариялаған. Манат Мәуленбайұлы Қытайдың Шыңжаң өңіріндегі Алтай аймасының Буыршын ауданында дүниеге келген. 1983 жылы Шыңжаң университетінің физика факультетін тәмамдап, кейін Қытай Ғылым академиясының Шыңжаңдағы бөлімшесінде ғылыми қызметпен айналысқан.

Ғалымның халықаралық ғылыми ортадағы қызметі Нобель сыйлығының лауреаты Сэмюел Тингтің зерттеу тобымен байланысты болған. 1988 жылы Швейцарияға қоныс аударып, Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымында (CERN) және Цюрихтегі Швейцария жоғары техникалық мектебінде (ETH Zurich) еңбек еткен. 1995 жылдан бастап АҚШ-та жұмыс істеп, ғылыми ізденісін медициналық технологияларға бағыттаған. Атап айтқанда, онкологиялық ауруларды анықтау және емдеу әдістерін жетілдіруге арналған жобаларға қатысқан.

2025 жылы әріптестерімен бірге жасанды интеллект пен медициналық сканерлеу технологияларын біріктіретін AIxSCAN стартапын құрғаны хабарланды. Жобаның мақсаты – өкпе обырын ерте кезеңде анықтау мүмкіндігін жетілдіру. Ғалымның қазасына байланысты әріптестері мен ғылыми қауымдастық өкілдері оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау