$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

Ақан Сатаев ауруханаға түсті: режиссердің өзі мән-жайды түсіндірді

Редактор
06.11.2026, 16:09
Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі
Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығына түсті

Қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев Атырау қаласындағы кардиология орталығында ем қабылдап жатқанын хабарлады. Ол әлеуметтік желіде ауруханадан суретін жариялап, жақын арада түсірілім алаңына оралатынына үміт білдірді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Режиссер ауруханаға түсу себебін әзірге айтпай, кейінірек түсіндіретінін жеткізді.

«Ең бастысы – жақын арада бұл орталықтан шығып, “Қан мен серт” фильміміздің түсірілім алаңына қайта ораламын. Аллаға шүкір!» – деп жазды ол.

Сондай-ақ Ақан Сатаев өзіне көмек көрсетіп жатқан дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Жазба астында оқырмандары мен әріптестері режиссерге тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау