Қоғам

Қазақстанда ЛГБТ насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

11:45, 31 шілде 2025 123

Қазақстанда ЛГБТ насихаттауға тыйым салуды, сондай-ақ ол үшін жауапкершілік енгізуді депутат Еділ Жаңбыршин ұсынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
"Біз тек тыйым салумен шектелмеуіміз керек. Егер бұл тыйым бұзылса және ЛГБТ әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе басқа да жанама тәсілдермен насихатталса, менің ойымша, әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылуы керек", – деді Жаңбыршин.
 
Астанада ЛГБТ-ның - балалар мен жасөспірімдерге қауіптілігін зерттеген сарапшылардың қорытындысы талқыланды.
 
Олардың айтуынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 89%-і тыйым салу керектігін айтқан.
 
"Бұл әркімнің жеке шаруасы, бірақ оны бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желі арқылы насихаттауға болмайды. Депутаттар тобы ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы нормалар дайындадық, бірақ олар өткен жоқ, өйткені көптеген қарсылық келіп түсті", - деді Жаңбыршин.
Жаңбыршин былтыр "ЛГБТ насихатына" қарсы ресми петиция 10 күнде 50 мың қол жинағанын айтты.
"Халық қолдады, комиссия құрылды, енді ғалымдар, сарапшылар мұның қаншалықты зиянды екенін көріп отыр", - деп қосты ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз