Орли әуежайында Қазақстан Президентін ресми шығарып салу рәсімі өтті.


Ұшу алаңында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Мемлекет басшысын Францияның Қарулы күштер министрі Себастьян Лекорню мен басқа да лауазымды тұлғалар шығарып салды. Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапарынан қысқаша видео ұсынды.