азақстандық Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачёвамен бірге «Жыл дуэті» аталымы бойынша үміткерлер қатарына енді.


Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) маусым қорытындысы бойынша анықталатын жылдың үздіктеріне үміткерлер тізімін жариялады. Қазақстандық Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачёвамен бірге «Жыл дуэті» аталымы бойынша үміткерлер қатарына енді, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сондай-ақ үміткерлер қатарында мына жұптар бар, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Габриэла Дабровски (Канада) мен Эрин Рутлифф (Новая Зеландия);

Анна Данилина (Қазақстан) мен Ирина Хромачёва (Россия);

Се Шувэй (Қытайлық Тайбэй) мен Элисе Мертенс (Бельгия);

Людмила Киченок (Украина) пен Елена Остапенко (Латвия);

Сара Эррани мен Жасмин Паолини (Италия);

Катержина Синякова (Чехия) мен Тэйлор Таунсенд (США).

Аталым жеңімпаздары теннис журналистерінің дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады.

Анна мен Ирина биыл WTA санатында 7 титулға қол жеткізді. Соның ішінде Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирі бар.

Қазақстандық теннисші жұптық сында әлемдік рейтингіде жылды 22-орынмен қорытындылады.