Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Самар тасжолында жүк көлігі жарылып, 2 адам қаза болды.


ШҚО-да Өскемен-Самар тасжолында жүк көлігі жарылып, екі адам қаза болды. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, VOLVO маркалы жүк көлігі Самар ауданында тау-кен жұмыстарына қажетті жарылғыш заттарды тасып келе жатқан. Кенет Өскемен-Самар тасжолының 75-шақырымында сол заттар жарылып, көлік жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен «жағдайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеуді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды», - делінген ақпаратта.