$ 485.55
 563.38
 6.81

«Өмір үшін күрес»: Сотта Сұлтан Сәрсемәлиевке анасы қолдау білдірді

Редактор
29.05.2026, 17:48
Фото: kazinform
Фото: kazinform
Әкесі ұлының балалық шағында психологиялық соққы немесе ауыр жағдай болмағанын айтты.

Атырау облысында бүтін бір отбасының өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бүгінгі сот отырысында куәлардан жауап алу кезеңі басталып, алғашқылардың бірі болып айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің ата-анасы сөз сөйледі. Сот залында әкесін көрген айыпталушы эмоциясына ерік беріп, көз жасын тыя алмады.

Айыпталушының әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев ұлының мұндай әрекетке баруына сенбейтінін айтып, оның мінезі сабырлы, отбасыға жауапкершілікпен қарайтын азамат болғанын жеткізді.

– Жауапкершілігі жоғары, отбасын ойлайтын адам, – деді ол.

Сондай-ақ әкесі ұлының балалық шағында психологиялық соққы немесе ауыр жағдай болмағанын айтты.

Кейін сотта айыпталушының анасы Гүлнар Азмұханова да сөз алып, іс бойынша жауап беруден бас тартты. Алайда ол баласына арнап жүрекжарды сөзін жеткізді.

– Өмір үшін күрес. Мықты бол. Мен балаларыңа олардың әкесі бар екенін айтып отырамын, – деді анасы.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау