Қоғам

«Нәресте жатырда өлген»: Атбасарда акушер әйелдің ішін шынтағымен басқан

23:30, 14 тамыз 2025 29

Атбасар перзентханасында акушер-гинеколог босану кезінде жүкті келіншектің ішін шынтағымен басқаннан кейін бала жатырда көз жұмған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Марқұм сәбидің әжесінің сөзінше, жағдай 4 тамыз күні таңғы сағат 04:47-де болған.

«Дәрігер келінімнің ішін шынтағымен басты. Соның салдарынан бала шетінеді. Содан кейін де олар мерт болған баланы босандыра берді. Таңғы 05:15-те келінім өзі хабарласып, босану кезінде сәбидің жүрегі тоқтағанын айтты. Ал түн бойы дәрігерден хабар күткен едім, бірақ ешкім қоңырау шалмады. Кешірім де сұрамады. Баланы сараптамаға Көкшетауға жіберді. Біз әділдік талап етеміз! Неге олар шұғыл шара қабылдамады? Бұл немқұрайдылық үшін кім жауап береді?» – дейді әйел.

Атбасар ауданының полиция бөлімі бұл деректің тіркелгенін растады. Құжаттар медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне тиісті тексеріс жүргізу үшін жолданған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да ішкі қызметтік тексеру бастағанын хабарлады. Қорытынды сараптама нәтижесіне сәйкес, соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз