Ақтөбеде қарт тұрғын телефон арқылы жасалған алаяқтықтың құрбаны болды. Өзін Халыққа қызмет көрсету орталығының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар зейнеткерді алдап, өмір бойы жинаған ақшасын аударуға көндірген, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.
Алаяқтар түрлі сылтау айтып, қарт адамның сеніміне кірген. Нәтижесінде зейнеткер бар жиған-тергенінен айырылған.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.
Айта кетейік, мемлекеттік орган қызметкерлері телефон арқылы азаматтардан ақша аударуды немесе банк шотындағы қаражатын қауіпсіз шотқа көшіруді талап етпейді. Мұндай қоңырауларға сақтықпен қараған жөн.