$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

Алматыда демеушілер есебінен тағы бір сквер пайда болады

Редактор
06.11.2026, 20:35
bairaqmedia.kz
bairaqmedia.kz
Жер телімінің жалпы аумағы 0,97 га

Жетісу ауданында бұрынғы «Рахат» базарының орнында жаңа қоғамдық кеңістік салынып жатыр. Жоба толықтай демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Жер телімінің жалпы аумағы 0,97 га. Жоба бойынша мұнда серуендеу жолдары, демалыс және спорт аймақтары, сондай-ақ футбол алаңы қарастырылған. Аумақта орындықтар мен жарықтандыру жүйесі орнатылып, кең көлемде көгалдандыру жүргізіледі. Жетісу ауданының әкімі Құрасбек Сәдібеков брифинг барысында нысандағы жұмыстарды қараша айында аяқтау жоспарланғанын айтты.

«Бұрынғы “Рахат” базарының орнында демеушілік қаражат есебінен жаңа сквер салынып жатыр. Жұмыстарды қараша айында аяқтау жоспарланған», – деді аудан әкімі.

Жоба аяқталғаннан кейін бұрын сауда нысаны орналасқан аумақта тұрғындардың серуендеуіне, демалуына және спортпен айналысуына арналған жаңа кеңістік пайда болады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау