Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Дональд Трампты Шэньчжэнь қаласының әуежайында жеке қарсы алды. Америка басшысы Қытайға Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммитіне қатысу үшін барды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
18 қарашада Дональд Трамп мінген Air Force One президенттік ұшағы Шэньчжэнь қаласының Баоань халықаралық әуежайына қонды. Қытай басшысы Си Цзиньпин америкалық әріптесін ұшақ баспалдағының алдында күтіп алып, онымен амандасты. Әуежайда екі ел басшысына салтанатты қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды. Бұл туралы Reuters фотоматериалдарына сүйенген South China Morning Post басылымы хабарлады. Саммит аясында АҚШ, Қытай және Ресей басшыларының үшжақты кездесуі жоспарланып отыр. Келіссөздер 19 қарашада өтеді деп күтілуде.
Тараптардың Украинадағы соғыс, халықаралық қауіпсіздік, ядролық қаруды шектеу және сауда-экономикалық қатынастар мәселелерін талқылауы мүмкін екені хабарланды. Associated Press мәліметінше, келіссөздердің маңызды тақырыптарының қатарында Қытайға озық микрочиптер экспорттау, жасанды интеллект саласындағы бәсекелестік және АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіспеушіліктері де бар.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин де Шэньчжэньге келген. Оны әуежайда Қытай Коммунистік партиясының жоғары лауазымды өкілі Цай Ци қарсы алған.