$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38

«Ешкімнің тоқалы болған емеспін»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелінің сөзі қызу талқыланды

Редактор
18.11.2026, 14:30
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Айман Талғатқызының мәлімдемесі желіде қызу талқыға түсті

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман Талғатқызының жеке өмірі мен некесіне қатысты жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оның «ешқашан ешкімнің тоқалы да, көңілдесі де болған емеспін» деген сөзіне желі қолданушылары түрлі пікір білдірді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің отбасылық мәртебесіне қатысты айтылып жүрген сындарға жауап берген. Ол некесінің алғашқы күннен бастап шариғат жолымен қиылғанын мәлімдеді.

«Ешқашан ешкімнің любовницасы да, тоқалы да болған емеспін. Бірінші күннен Алла алдында мешітке барып некелескен, мұсылмандық жолымен, шариғат жолымен некелескен некем бар. Менің де, оның да бір-ақ рет», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол ресми неке туралы пікір білдіргендерге де жауап қатты.

«Үкіметтің бір парағына мәз болып жүргенде, өзінің зина жасап жүргенінен хабардар бол. Алда не болатынын да білмеймін, Құдай емеспін. Қайсың не десең де, қалай қарасаң да, Құдай қаласа, жер тұрғанда тұратыным анық!», – деді Айман Талғатқызы.

Айман Талғатқызының бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар оның сөздерін сынға алып, Тұрсынбек Қабатовтың өзіне үндеу жасады.

«Тұрсынбек аға, анау жұбайыңыздың аузын тоқтатыңыз! Үндемеген сайын қаншама жерде тілімізді тістеп қана келеміз. Қайда қалды бізге айтқан ақылыңыз?! Немесе барлық нәрсені жайып салам! Уақыты таяп келеді», – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Тағы бір желі қолданушысы бұл жағдайдың балаларға әсер етуі мүмкін екенін айтып, Мөлдір Мұқанованың есімін атаған.

«Адамның түйсігі аузын ашқанда көрінеді. Мөлдірдің «любовницасы» туралы жаман айтқанын естімеппін. Екеуінің айырмашылығы қарапайым нәрселерден-ақ көрініп тұр ғой. Балалар үлкен, оқиды, көреді, оларға да ауыр. Не керек осындай тірлік?» – деп жазды ол.

Ал үшінші пікір иесі Айман Талғатқызының діни неке туралы сөзін сынға алып, Мөлдір Мұқановаға қатысты ойын білдірген.

«Шынымен тілі жаман екен. Сонда бес бала туған Мөлдірді шетке ысырып қойғысы келіп тұр ма, мұсылманша некесі жоқ деп? Адам алдымен өзінің кінәсін ойлауы керек, балалардың обалына қалдым-ау деп», – дейді желі қолданушысы.

Желі қолданушыларының пікірлерінен көпшіліктің бұл жағдайды тек екі адамның жеке мәселесі ретінде емес, отбасы мен балаларға әсер ететін жағдай ретінде қабылдап отырғанын байқауға болады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау