Шымкентте кафе келушілері мен күзетшілер арасында туындаған жанжал төбелеске ұласты. Оқиғаға қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz
Оқиға 18 қарашада болған. Көше бойындағы төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал қаладағы кафелердің бірінде басталып, соңы төбелеске ұласқан.
Оқиғаға қатысқан барлық азаматтың жеке басы анықталып, полицияға жеткізілген. Бір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдемесін 23 қарашада Instagram парақшасында жариялаған.