$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55

Ақтөбе облысында қайғылы жағдай: дәрігер мен баласы бір күнде көз жұмды

Редактор
24.11.2026, 11:54
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Ол Мұғалжар аудандық ауруханасында оториноларинголог дәрігер болып жұмыс істеген

Ақтөбе облысында Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігері Назгүл Мұратқызы Кантуренова жол апатынан қаза тапты. Сол күні оның баласы да қайтыс болған. Бұл туралы полиция департаментінің мәліметіне сүйенген Вairaqmedia.kz хабарлады.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 23 қарашада Қандыағаш – Шалқар тасжолының Жұрын кенті маңында болған. Renault автокөлігін басқарған әйел рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан көлік аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция дәрігердің баласының сол күні өзіне қол жұмсағанын да растаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Назгүл Кантуренова еңбек демалысында болған. Ол Мұғалжар аудандық ауруханасында оториноларинголог дәрігер болып жұмыс істеген. Аурухана ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, әріптесінің білікті әрі өз ісіне адал маман болғанын атап өтті.