Қазақстанның бұрынғы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Тиісті шешімді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқармасы қабылдады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Ерсайын Нағаспаев 2025 жылдың ақпанынан бастап Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарған. Ал 2021–2025 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарушы директоры болған.
Ерсайын Нағаспаев туралы не белгілі?
Ол академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде еңбек еткен. Көлік және коммуникация министрлігінде, Ақтау халықаралық теңіз сауда портында басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ Қарағанды облысының Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы болған.
Еске салайық, ҚТЖ-ның бұрынғы басшысы Елжас Отыншиев 11 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталған болатын. 14 қарашада тергеу соты оны қамауға алуға санкция берді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.