$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55

Қарағандыда акробат бес метр биіктіктен құлады (ВИДЕО)

Редактор
24.11.2026, 10:29
видеодан алынған кадр
видеодан алынған кадр
Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлықта, тұрақты деп бағалап отыр

Қарағанды облысында цирк қойылымы кезінде 23 жастағы акробат бес метрге жуық биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды. Дәрігерлер Германиядан келген цирк әртісінің қазіргі жағдайын мәлімдеді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Оқиға күрделі акробатикалық нөмірді орындау кезінде болған. Қойылымға қатысқан екі қыз сақтандыру белдігін таққанымен, олардың ер әріптестері қорғаныс құралынсыз өнер көрсеткен. Нөмір аяқталуға жақын қалғанда 23 жастағы гимнаст кілем төселген бетон еденге құлаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, көрермендерге үзіліс жарияланған. Кейін жүргізуші акробаттың жағдайы жақсы екенін айтып, қойылымды жалғастырған. Алайда кейіннен цирк әртісінің жамбас сүйектері сынғаны белгілі болды.

Қарағанды облысының травматологиялық қызметі ахуалдық орталығының басшысы Ксения Деревяшкинаның айтуынша, науқас профессор Макажанов атындағы көпбейінді аурухананың шұғыл травматология бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлықта, тұрақты деп бағалап отыр.