$ 477.48
 555.83
 6.65

Қазақстанның экономикасы қарқынды дамып жатыр - РФ Президенті

Редактор
27.05.2026, 20:25
Ақорда
Ақорда
Владимир Путин екі елдің барлық саладағы өзара тиімді байланыстарын бекемдей түсуге мүдделі екенін айтты.  

Владимир Путин екі елдің барлық саладағы өзара тиімді байланыстарын бекемдей түсуге мүдделі екенін айтты.

— Біздің қуатты әрі өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметіміз ерекше. Елдеріңіздің экономикасы қарқынды дамып жатыр. Халық жаппай қолдаған тиімді ­саяси жүйе қалыптасты. Күні кеше Қазақстанда заман талабына сай келетін, елдің келешегін айқындайтын жаңа Конституция қабылданды. Республика азаматтарының басым көпшілігі осы құжатты қолдап дауыс берді. Сол арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік институттарды нығайту, елді жан-жақты жаңғырту және әлеуметтік-экономикалық, рухани тұрғыдан дамыту жолындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Осы ауқымды реформаның бәрі табысты жүзеге асырылып, мемлекетті күшейтуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді деп сенемін, — деді Путин.

Владимир Путин екі елдің барлық саладағы өзара тиімді байланыстарын бекемдей түсуге мүдделі екенін айтты. 

— Біз Қасым-Жомарт Кемелұлымен шынайы әрі достық қарым-қатынас орнаттық. Кездесулеріміз бен сұхбаттарымыз әрдайым бүкпесіз, нәтижелі өтеді. Біз екі елдің барлық саладағы өзара тиімді байланыстарын бекемдей түсуге мүдделіміз, — деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау