$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

Қазақстандық стартаптарға үлкен мүмкіндік: инвесторлар мен IT көшбасшылары Астанада бас қосады

Редактор
02.10.2026, 15:17
дереккөз
дереккөз
Спикерлер қатарында nFactorial негізін қалаушы Арман Сүлейменов бар

Арман Сүлейменов, Мұрат Әбдірахманов, Серік Қалдықұлов және басқа да венчурлік және технологиялық нарық өкілдері идеялар мен таланттарды жаһандық деңгейдегі компанияларға қалай айналдыруға болатынын талқылайды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі жетекші жасанды интеллект хабтарының қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Дегенмен, тек озық есептеу қуаттары, цифрлық инфрақұрылым немесе мемлекеттік бағдарламалардың болуы толыққанды жұмыс істейтін экожүйені құру үшін жеткіліксіз. Оны дамыту үшін технологиялық идеяларды сұранысқа ие өнімдерге айналдыра алатын мамандар, кәсіпкерлер мен инвесторлар қажет.

Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланған 2026 жылы кадрларды даярлау, стартаптарды дамыту, капитал тарту және халықаралық нарықтарға шығу мәселелері әсіресе өзекті бола түсуде. Бұл тақырыптар AI MONTH басты халықаралық оқиғасы — AI & Digital Bridge 2026 бағдарламасына ендіріледі.

Форумға білім беру саласының, стартап-ортаның, венчурлік нарықтың және халықаралық технологиялық индустрияның өкілдері қатысады.

Спикерлер қатарында nFactorial негізін қалаушы Арман Сүлейменов бар. Олар технологиялық құзыреттерді дамыту және кәсіпкерлік командаларды қолдау тәжірибесімен бөліседі.

Инвестициялық көзқарасты MA7 Ventures негізін қалаушы Мұрат Әбдірахманов, Elefund негізін қалаушы әрі басқарушы серіктесі Серік Қалдықұлов, MA7 Angels серіктесі әрі бас директоры Ержан Күшекбаев, сондай-ақ Robo Wunderkind стартапының тең негізін қалаушысы және Arkley VC серіктесі Рүстем Ақышбеков ұсынады.

Сонымен қатар форумға технологиялық және инвестициялық қауымдастықтың басқа да өкілдері қатысады. Мұндай құрам стартаптың даму жолын түгел қарастыруға мүмкіндік береді: команданы дайындау мен өнімді құрудан бастап, алғашқы инвестициялар мен жаһандық нарықта кеңейюге дейін. Басты назарда инвесторлардың талаптары, өнімге деген сұранысты тексеру, өсу стратегиясын таңдау және Орталық Азия компанияларына ашылатын мүмкіндіктер болады.

Қатысушыларға тиер пайдасы

AI & Digital Bridge стартап негізін қалаушылар, инвесторлар, корпорациялардың өкілдері мен технология саласының мамандары бас қосатын алаңға айналады. Кәсіпкерлер венчурлік нарықтың дамуын түсініп, басқа командалардың тәжірибесімен таныса алады және өз жобаларын дамытуға бағдар алады.

Стартаптар өз шешімдерін Startup Alley алаңында кәсіби аудиторияға ұсынып, AI & Digital Bridge Battle байқауында өздерін көрсете алады. Сондай-ақ бағдарламада іскерлік пікірталастар, воркшоптар, шеберлік сағаттары, технологиялық көрме және AI & Digital Bridge Awards марапаттау рәсімі қарастырылған.

Инвесторлар мен корпорациялар үшін форум Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдерінен келген жаңа командалармен және әзірлемелермен танысу мүмкіндігіне айналады.

Әзірлеушілер мен студенттер бүгінгі таңда нарықта қандай дағдылар мен өнімдер сұранысқа ие екенін көре алады, ал білім беру саласының өкілдері жасанды интеллект экономикасы үшін қандай құзыреттерді дамыту қажет екенін тереңірек түсінеді.

Бағдарлама толықтырылып, өзгертілуі мүмкін. Жаңартылған кесте мен билеттер туралы ақпарат форумның ресми сайтында жарияланады.

AI & Digital Bridge 2026 форумы туралы

AI & Digital Bridge 2026 форумы 1–3 қазан аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді.

Жеті жыл ішінде Digital Bridge шарасына 100-ден астам елден 127 мыңнан астам адам қатысты. Оның алаңдарында 1 500-ден астам спикер сөз сөйлеп, 600-ден астам стартап өз әзірлемелерін ұсынды.

1 қазанда мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық делегациялар мен технологиялық индустрия көшбасшылары үшін арнайы жоғары деңгейдегі бағдарлама өтеді. Бұл күннің шараларына қатысу тек арнайы шақыру арқылы жүзеге асырылады. Ал 2–3 қазанда форум билет иелері үшін ашық болады.

AI & Digital Bridge 2026 ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана әкімдігі.

AI & Digital Bridge 2026 ұйымдастыру жұмыстары форумның серіктестері мен демеушілерінің қолдауының арқасында жүзеге асты. Форумды өткізуге кеткен барлық шығындар демеушілік қаражат есебінен атқарылады.

Алтын серіктестері — «Фридом Банк Казахстан» АҚ, Kaspi.kz, «Самрук-Қазына» АҚ және «Қазахтелеком» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Бизнес-серіктес — Beeline Қазақстан. Қола серіктес — Yandex Qazaqstan. Ресми әуе серіктесі — Air Astana.

AI & Digital Bridge 2026 көрмесіне келіп, болашағы зор технологиялық жобалармен танысыңыз, нарық қатысушыларымен байланыс орнатып, дамудың жаңа мүмкіндіктерін табыңыз. Билеттер сайтта: digitalbridge.ai