$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38

Қазақ актері Испанияны мойындатты: Аян Өтепберген үздік атанды

Редактор
18.11.2026, 08:55
министрлік
министрлік
Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының әртісі бұл марапатқа «Sicko» фильміндегі рөлі үшін лайық деп танылды

Қазақстандық театр және кино актері Аян Өтепберген Испанияда өткен халықаралық кинофестивальде жоғары марапатқа ие болды. Ол Тенерифе аралында ұйымдастырылған X Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалінде «Үздік актер» аталымын жеңіп алды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының әртісі бұл марапатқа «Sicko» фильміндегі рөлі үшін лайық деп танылды. Оған актерлік шеберлігі үшін Джек Тейлор атындағы арнайы жүлде табысталды. Фестивальдің қазылар алқасы қазақстандық актердің өнерін жоғары бағалаған. Әсіресе оның кейіпкер мінезін шынайы жеткізіп, драмалық көріністер мен юморды шебер үйлестіре білгені атап өтілді. Айта кетейік, «Sicko» фильмі халықаралық байқауда бірден үш жүлдені жеңіп алды. Туынды «Үздік толықметражды фильм», «Үздік актер» және «Үздік костюмдер» аталымдары бойынша үздік деп танылды.

Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалі Испанияның Канар аралдарында жыл сайын өткізіледі. Биыл оныншы рет ұйымдастырылған фестиваль 6–15 қараша аралығында өткен. Мәдениет және ақпарат министрлігі Аян Өтепбергеннің жеңісін қазақстандық кино өнері үшін маңызды жетістік деп бағалады.

«Аян Өтепбергеннің жеңісі – отандық кино өнерінің елеулі жетістігі әрі қазақстандық әртістердің халықаралық деңгейде танылып келе жатқанының тағы бір айғағы», – деп атап өтті ведомство

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау