$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49

«Қатты тарсыл естілді»: Шымкенттегі қайғылы апаттың куәгері оқиғаны айтып берді

Редактор
20.11.2026, 08:57
ЖИ
ЖИ
Тұрғынның сөзінше, бұл аумақта жол-көлік оқиғалары жиі болады

Шымкентте жанармай таситын жүк көлігі аударылып, өртке оранды. Қайғылы оқиға салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Жетінші арна жазды. Жол-көлік оқиғасы Тұран ауданындағы Ташкент тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанармай таситын көлік аударылып, артынша өрт шыққан. Жалын жүк көлігін ғана емес, жолға төгілген жанармайды да шарпыған. Оқиға орнына жоғары шақырту дәрежесі бойынша өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Құтқарушылар өртті толық сөндірген. Алайда көлік кабинасынан ер адамның мәйіті табылды.Оқиғаның куәгері Жұмабек Жолдастың айтуынша, жарылысқа ұқсас қатты дыбыс естілген кезде ол отбасымен үйінде отырған.

«Үйде отырғанымызда қатты тарсыл естілді. Сыртқа қарасам, жанармай таситын көлік өртеніп жатыр екен. Бірден 101 нөміріне хабарластым. Содан кейін балалар мен отбасы мүшелерін қауіпсіз жерге шығардық. Өрт тұрғын үйлерге өте жақын жерде болды», – дейді куәгер.

Тұрғынның сөзінше, бұл аумақта жол-көлік оқиғалары жиі болады. Ол өткен жазда полицияға хабарласып, жол бойына бейнебақылау камерасын орнатуды сұрағанын айтады. Алайда өтінішінің не себепті орындалмағанын білмейді. Қазіргі уақытта полиция қайғылы жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау