Орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізгеннен кейін жол-көлік оқиғалары 8%-ға азайды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі 2025 жылдың көктемінен бастап іске қосылды. 17 наурыздан бастап жолдардың түзу учаскелерінде арнайы камералар жұмыс істеп, олар жүрген қашықтықты жүріп өткен уақытқа бөлу арқылы жүргізушінің орташа жылдамдығын есептей бастады.
2025 жылдың 17 наурызынан 24 сәуіріне дейінгі аралықта жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша камералар орнатылған жол учаскелерінде жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға төмендегені анықталды. Сонымен қатар, жарақат алғандардың саны 29%-ға азайды. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігінің артқанын көрсетеді.
Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жүргізушілердің тәртібіне оң әсерін тигізіп жатыр: олар белгіленген жылдамдықты жиі сақтап, жол-көлік оқиғаларының тәуекелін айтарлықтай төмендетуде. Соның нәтижесінде жолдардағы жарақаттану деңгейі азайып отыр.
Еске сала кетсек, орташа жылдамдық келесі жол учаскелерінде бақыланады: Астана – Щучинск (жылдамдық шектеуі 140 км/сағ); Астана – Павлодар (жылдамдық шектеуі 140 км/сағ); Шымкент – Қызылорда (жылдамдық шектеуі 110 км/сағ); Шымкент – Тараз (жылдамдық шектеуі 110 км/сағ); Павлодар – Семей – Қалбатау (жылдамдық шектеуі 100–110 км/сағ); Орал – Ресей шекарасы (Саратов бағыты) (жылдамдық шектеуі 100 км/сағ); Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы бағыты) (жылдамдық шектеуі 100–110 км/сағ).
Қоғам
Жол-көлік оқиғалары 8%-ға азайды: Мамандар басты себебін айтты
13:13, 28 сәуір 2025 134

Фото: «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.
Тағы да оқыңыз
-
«Қалжыңдасудың да шегі бар»: Министрлік оқушыларға ескерту жасады
17:36, 28 сәуір 2025
-
Су тасқыны: Өңірлердегі жағдай қалай?
18:00, 28 сәуір 2025
-
Тоқаев Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты
17:03, 28 сәуір 2025
-
Шерзат ісі: Куәгер ретінде танылған екінші қыз болған оқиғаны баяндады
16:07, 28 сәуір 2025
-
Заңсыз айып тағылған қандас сотта ақталып шықты
15:54, 28 сәуір 2025
-
Президентке Алматы облысының дамуы жөнінде есеп берілді
15:34, 28 сәуір 2025
Соңғы жаңалықтар
-
Су тасқыны: Өңірлердегі жағдай қалай?
18:00, 28 сәуір 2025 1
-
«Қалжыңдасудың да шегі бар»: Министрлік оқушыларға ескерту жасады
17:36, 28 сәуір 2025 7
-
Тоқаев Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты
17:03, 28 сәуір 2025 10
-
Шерзат ісі: Куәгер ретінде танылған екінші қыз болған оқиғаны баяндады
16:07, 28 сәуір 2025 131
-
Заңсыз айып тағылған қандас сотта ақталып шықты
15:54, 28 сәуір 2025 135
-
Президентке Алматы облысының дамуы жөнінде есеп берілді
15:34, 28 сәуір 2025 23
-
Маңғыстауда қызғалдақ даласында мереке ұйымдастырғандардың видеосы тарады
15:21, 28 сәуір 2025 23