$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

Әйелдің орны тек үйде ме? Қазақстандағы әйелдер бизнесі қалай дамып жатыр? | Гүлзат Ізбасарова

Редактор
05.10.2026, 11:28
Ашық сұхбат

Спикер: Гүлзат Ізбасарова, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы

Global Summit of Women — бизнес пен мемлекеттік басқару саласындағы әлемдегі әйел көшбасшыларының ірі халықаралық саммиті Қазақстанда өтуі мүмкін. Мұндай ұсыныс Стамбулдағы жиында көтерілген. Отыз жыл ішінде бұл басқосу Париж, Лондон, Токио, Сеул, Мадрид және Берлинде ұйымдастырылған. Бұл тізімге енді Астана да қосылуы ықтимал. Бұл жиын Қазақстанға қандай мүмкіндік береді? Маңызы мен артықшылығы неде?

Сондай-ақ сұхбатта еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігінің бүгінгі жағдайын жан-жақты талқыладық. Аруларға бизнес не үшін керек? Ауылдағы қыз-келіншектердің кәсіп бастауына не кедергі? Ерлермен қатар жүрген нәзік жандылар қандай қиындықтарға тап болады?

Бұдан басқа іскер әйелдерге қатысты стереотиптер, отбасы мен кәсіпті қатар алып жүру мен өз ісін бастауға кедергі болатын қорқыныштар туралы сөз қозғадық. Бұл сұрақтарға Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Гүлзат Ізбасарова ашық жауап береді.

Биыл 30 жылдығын атап өтетін қауымдастықтың елімізде 17 филиалы бар, ал оның айналасына 20 мың кәсіпкер әйел топтасқан.