9 Мамыр Жеңіс күніне орай Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанадағы Кеңес Одағының даңқты батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлік рухына тағзым етті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Бұл күні сұрапыл соғыс жылдарында ел мен жерді қорғау жолында жанын қиған майдангерлердің қаһармандығына құрмет көрсетілді. Батырлардың есімі мен ерлігі халық жадында мәңгі сақталады.

Ішкі істер органдарының жеке құрамы арасында да майдангерлер мұрасын ұлықтау, өскелең ұрпаққа отансүйгіштікті дәріптеу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасып келеді.