$ 481.83
 556.8
 5.85

Ирандағы порттардың бірінде жойқын жарылыс болды

Редактор
27.04.2025, 02:11
istockphoto.com
istockphoto.com
Иранның оңтүстігіндегі Шахид Раджаи портында күшті жарылыс болды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Иранның оңтүстігіндегі Шахид Раджаи портында күшті жарылыс болды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Иранның жедел іздеу-құтқару қызметінің ресми өкілі жарылыс салдарынан 516 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Зардап шеккендердің бәрі ауруханаға жеткізілген. 

Жарылыстан Шахид Раджаи портындағы әкімшілік ғимараттардың бірі зақымданған. Сондай-ақ, көптеген көлік бүлінген. Жарылыстың күшті болғаны соншалықты, тіпті Бендер-Аббас портынан кемінде 20 шақырым жерде орналасқан Парсы шығанағындағы Кешм аралындағылар да естіген. Жарылыс бірнеше шақырым радиустағы терезелерді де сындырған.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, жарылыс жанар-жағармай резервуарынан басталған өрттен болуы мүмкін.

Қазір Шахид Раджаи порты уақытша жабылған. Оқиға орнында тергеу және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.