$ 454.46
 527.72
 5.25

Хиджаб дауы: Қазақстанға қарғыс жаудырған мұғалім елден кешірім сұрады

Редактор
09.09.2026, 23:08
Коллаж
Коллаж
Ол өз әрекетін ашу үстінде жасаған 

Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Жарқын Әбдікаримов жазған пікір қызу талқылануда, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Аталған мектептің информатика пәнінің мұғалімі Жарқын Әбдікаримовтан журналист Айсұлтан Жақыпов сұхбат алды. Мұғалім журналиске желідегі жазбаны не себепті жариялағанын түсіндірген.

«Ол жазба ашумен жазылды. Иманды болғаннан кейін бе, орамалға қатысты болғаннан соң ба ашумен сондай ақпарат кетіп қалды. Сондықтан қазақ елінен кешірім сұраймын! Қатты эмоцияға беріліп кеткеннен кейін жаздым. Кешірім сұраймын! Әркімнің ашуы болады ғой. Сондай сәтте эмлциямды ұстай алмай қалған сияқтымын. Мен өз елімді жақсы көремін. Патриотпын. Өз еліме ешқандай қарғыс тілемеймін, елімді жамандамаймын», – деді ұстаз.

Ол «Болашақ» университетін бітірген. Аталған мектепте он бір жылдан бері сабақ беріп келеді. Сондай-ақ өзінің де балалары оқушы екенін айтты.

«9 жастағы қызым бар. Мектепте ол хиджап кимейді. Үкіметтің жекеменшік мектептерді қыспаққа алғаны қатты ашуыма тиді. Кешірім сұраймын! Әдейі істеген жоқпын», – деді Жарқын Әбдікаримов.

Еске салайық, бұған дейін аталған мұғалім елдің экономикалық күйреуін тілеп, қарғыс білдірген. Кейін ол бұл жазбасын өшіріп тастаған.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау