Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақордаға еліміздің барлық өңірінен келген 100 дарынды оқушы қонақ болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Олардың қатарында пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың лауреаттары бар.
Жеткіншектер Президент резиденциясының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы мағлұмат алып, ресми қабылдау залдарын, Мемлекет басшысының кітапханасын аралады. Сондай-ақ резиденция аумағындағы бақта серуендеп, Қазақстан тарихы мен Тәуелсіздік құндылықтары туралы тың ақпарат алды.
Экскурсия соңында оқушыларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.