Халықтың шағын депозиттерінің үлесі 2,3 п.п. төмендеген


Биыл екінші тоқсанында Қазақстан халқының депозит көлемі барлық сегментте – жаппай сегментте (15 млн тг дейін), орта сегментте (15-50 млн тг) және ірі сегментте (50 млн тг астам) – артқан. Бұл көрсеткіштер тоқсан ішінде 6%-дан 8,2%-ға дейін, ал жылдық есептеуде 15,2%-дан 33,5%-ға дейін өскенін көрсетеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Алайда, ranking.kz жазуынша, жаппай сегментте депозиттердің көлемі қысқарып келеді, яғни кірісі төмен азаматтардың жинақтау қабілеті төмендеп барады. Бұл жағдай тұтыну тауарлары бағасының өсуі мен айырбас бағамының өзгеруіне осал топтың әсерінен болып отыр. Теңгемен депозиттердің ішінде ең жоғары өсім орта және ірі сегменттерде байқалған – сәйкесінше, 42,7% және 61,1% өсім бар.

Жаппай сегмент ішінде де үлкенірек депозиттердің өсуі байқалады: мысалы, 2024 жылдың 1 шілдесінде қалдық құны 5 млн тг дейінгі депозиттердің жылдық өсімі 10,2% құраса, ал 5-15 млн тг көлеміндегі депозиттер 22,1%-ға артқан. Сонымен бірге, 15-50 млн тг аралығындағы депозиттердің өсімі тіпті 33,5%-ды құрады.

Нәтижесінде, жыл ішінде жаппай сегменттің үлесі 2,3 пайыздық пунктке төмендеп отыр. Ал орта және ірі сегменттердің үлесі тиісінше 1,7 және 0,6 пайыздық пунктке өскен.