Актриса сүйіктісімен бес жыл ішінде алғаш рет бір ай бойы көріспегенін айтып, бұл уақыттың екеуіне де оңай болмағанын жеткізді. Сондай-ақ ол махаббатқа деген көзқарасының өзгергенін жасырмады.
«5 жылда бірінші рет, бір ай уақыт көріспедік, екеуміз де оңай адам емес екенбіз... Енді мен сезім мен махаббатқа бұрынғы көзбен қарамаймын. Сүю деген керемет екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Сендер де айтпайсыңдар. Ғашықпын саған, ғажабым», – деп жазды Дариға Бадықова.
Өнер иесі жазбасына ер адаммен бірге түскен суретін де қоса жариялаған. Актрисаның махаббат туралы ашық жазбасы желі қолданушыларының назарын аударды.