$ 454.31
 528.04
 5.25

Диплом емес, нақты жұмыс орны: Қазақстанда кадр даярлау жүйесі өзгереді

Редактор
08.09.2026, 15:58
ЖИ көмегімен жасалынған
ЖИ көмегімен жасалынған
Бектенов өңірлерде кадр даярлау жүйесін өзгертуді тапсырды

Қазақстанда жұмысшы мамандықтары бойынша кадр даярлау тәсілі еңбек нарығының нақты сұранысына қарай қайта қаралады. Премьер-министр Олжас Бектенов әр өңірде басым салаларға қажетті мамандарды даярлау және сертификаттау бойынша салалық кластерлер құруды тапсырды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр кадр тапшылығын азайту үшін білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты күшейту қажет екенін айтты.

«Кадр тапшылығын еңсеру және білім беру жүйесі мен бизнестің нақты сұраныстары арасындағы алшақтықты жою үшін жұмыс берушілер мен салалық қауымдастықтардың қажеттіліктерін білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерімен үйлестіру қажет», – деді Олжас Бектенов.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігіне Еңбек министрлігі, «Атамекен» ұлттық палатасы және әкімдіктермен бірлесіп, әр өңірде экономиканың басым бағыттары бойынша мамандар даярлайтын салалық кластерлер құру тапсырылды. Даярланған мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттау да қарастырылған.

Сонымен қатар колледждерге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс өңірлердегі нақты жұмыс орындарының санына қарай қалыптастырылмақ. Ол үшін жауапты министрліктер мен әкімдіктер кәсіпорындарға қанша және қандай маман қажет екенін жыл сайын болжап отыруы тиіс.

Жиналған мәліметтер тұрақты түрде жаңартылып, Enbek.kz жүйесінде жарияланады.

Аталған жұмыстарды жалпы үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау