Өңір тұрғындары және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездескен депутаттыққа кандидаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық міндеттерін орындауға бағытталған сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының еңбек ұжымымен өткен кездесу кезінде индустриалды сектор үшін кадр даярлаудың заманауи жүйесін қалыптастыру туралы пікірталас өрбіді. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында «оқу орны – кәсіпорын» ашық жүйесін құруға қатысты кешенді шаралар жазылған. Жалпы партия 2031 жылға қарай өндірісте тәжірибеден өтіп, білім алатын студенттердің үлесін 45 пайызға дейін арттыруды көздейді.

Бұл тәсіл «Адал азамат» тұжырымдамасына және президенттің адам еңбегін бағалау, тәртіпті нығайту мен техникалық білімді жаңғыртуға бағытталған президенттің курсына толық сай келеді.
Одан бөлек жобалық оқытуға, өндірістік тағылымдамаларға және өндірістегі нақты міндеттерді шешуге ерекше басымдық беріледі.

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушылар алдында сөз сөйлей отырып, мына мәселені ерекше атап өтті:
«Өнеркәсіп – экономикалық дамудың іргетасы ғана емес, халықтың әлеуметтік тұрақтылығының негізі. Біз дуальды білім беру жүйесін кеңейтуді, кәсіпорындардың колледждермен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын нығайтуды, өндірістік тәжірибені күшейтуді және мамандарды қайта даярлау бағдарламаларын қолдауды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – жастар оқуын аяқтағаннан кейін бірден еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуы».
Кәсіпорынның жас маманы Жәнібек Төлепов партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып шыққанын және жастар саясатын дамытуға қатысты ұстанымын қолдайтынын айтты.
«Бүгінде біздің кәсіпорында жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Осындай жағдай еліміздегі барлық кәсіпорында болуы керек деп есептеймін. Сондықтан жастардың мүмкіндігін кеңейтуге және еңбек адамын қолдауға бағытталған «Әділет» партиясының бастамаларын қолдаймын», - деді ол.

Сайлауалды штабтың кездесуінде сондай-ақ өнеркәсіпті экологияға зиян келтірмей дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпорындарды жаңғырту және инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.