Бүгін олар Ақтөбе қаласына аялдады. Мұнда партия өкілдері «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Форумға Қазақстанның әр өңірінен келген мыңнан астам әйел қатысты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Кандидаттардың айтуынша, бағдарламаның негізгі бағытының бірі – әлеуметтік мәселелерге арналады. Құжатты тәжірибелі заңгерлер, экономистер, түрлі саланың сарапшылары әзірлеген. Бағдарлама алдағы бес жылда орындалатын жұмыстың бағытын айқындап, ұсынылған бастамаларды іске асырудың жолдарын көрсеткен.
Партия өкілдерінің айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге арналған 11 заң қабылданған. «Әділет» өкілдері партия Мемлекет басшысының конституциялық реформаларын қолдайтынын айтып, Конституцияда бекітілген әділдік, заң үстемдігі және адамға құрмет қағидаттарын нақты бастамалар арқылы іске асыруды өз міндеті санайтынын жеткізді.

Сондықтан әйелдерді қолдау, балаларды қорғау және отбасы институтын нығайту – біз үшін негізгі басымдықтардың бірі. Біз әйелдердің мемлекеттік шешім қабылдау ісіне кеңінен қатысқаны дұрыс деп санаймыз және олардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, заңнаманы жетілдіруге бағытталған шараларды жүйелі түрде қолдаймыз», - деді партия ьөрағасы Айбек Дәдебай.
Кандидат Динара Зәкиеваның айтуынша, партия жасанды интеллектіні пайдалану арқылы мүгедектікті проактивті түрде белгілеу жүйесін енгізуді, атаулы әлеуметтік ваучерлер жүйесін кеңейтуді, 8 оңалту орталығын ашуды және ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау бағдарламаларын жаңартуды ұсынады.
Сондай-ақ партия бағдарламасында балабақшаларда 79 мың жаңа орын және мектептерде 300 мың оқушы орны ашу көзделген. Бұдан бөлек, 9 перинаталдық орталық ашып, барлық өңірде инвазивті емес диагностика орталықтарын құру жоспарланған.
Бағдарламаның құқықтық бағытын кандидаттар Ирина Тен мен Айжан Аймағанова таныстырды. Олар әйелдерге құқықтық көмекті арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау, еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғауды күшейту қажеттігіне тоқталды. Сонымен бірге, жұмысқа орналасу кезінде, мансап жолында әйелдерді кемсітуге жол бермеу туралы айтылды.
Форумда кандидаттар бағдарламаны таныстырумен ғана шектелген жоқ. Қатысушылар кандидаттарға өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын айтты. Партия өкілдерінің мәліметінше, көтерілген барлық бастама зерделеніп, бағдарламаны одан әрі жетілдіру барысында ескерілетін болады.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.