$ 456.89
 531.36
 5.32

«Дерті асқынып кеткен»: әскерден балдақпен оралған сарбаздың туыстары көмек сұрады

Редактор
10.09.2026, 09:28
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Түркістан облысында 19 жастағы сарбаздың жағдайы қиындаған

Түркістан облысында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған 19 жастағы Бақытжан Әмит ауыр диагнозбен үйіне оралды. Қазір жас жігіт өздігінен еркін жүре алмайды, қозғалу үшін балдақтың көмегіне жүгінуге мәжбүр, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы Информбюро агенттігі жазды. Сарбаздың жақындарының айтуынша, Бақытжан әскерде жүрген кезінде денсаулығына қатысты бірнеше рет шағымданған. Алайда туыстары әскери бөлім қызметкерлері оның шағымына тиісті деңгейде назар аудармай, «шыда» дегенін айтады.

Отбасының сөзінше, жігітті дер кезінде тексеріп, емдеуге жібермегендіктен, дерті асқынып кеткен. Соның салдарынан әскерге өз аяғымен кеткен сарбаз елге ақсаңдап, балдақпен оралған.

Жас сарбаздың туыстары оның қазіргі жағдайына әскери бөлім өкілдерін кінәлап, оқиғаның мән-жайын анықтап, жауапты тұлғалардың әрекетіне баға беруді талап етіп отыр.

Әзірге ашық дереккөздерден осы жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі немесе әскери бөлімнің ресми түсініктемесін табу мүмкін болмады. Сондықтан туыстарының әскери қызметкерлерге қатысты айтқан уәждері әзірге олардың мәлімдемесі ретінде беріліп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау