$ 488.96
 569.49
 6.81

БҚО-да Еуразиялық индустриялық-логистикалық хаб іске қосылады

Редактор
20.05.2026, 19:01
фото: invest.gov.kz/kz
фото: invest.gov.kz/kz
Жаңа хабты салуға 130 илн АҚШ доллары инвестицияланады 

Батыс Қазақстан облысында Еуразиялық индустриялық-логистикалық хаб іске қосылмақ. Осыған байланысты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Оған БҚО әкімі Нариман Төреғалиев пен инвесторлар қатысты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Жобаның мердігері – Eurasia Holding Group құрамына кіретін «Jinone Excellence Investment» компаниясы, нәтижесінде 500-ден астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

«KAZAKH INVEST» ҰК» баспасөз қызметінің мәліметі бойынша хаб аумағы 20 гектарды құрамақ. Jinone Excellence Investment 130 илн АҚШ долларын бағыттайды.

Орал қаласындағы хабта жылына 30 000 тоннаға дейін өнім шығаратын болат конструкциялар зауыты, 60 000 данаға дейін құрылыс қалыптарын өндіретін зауыт пен 250 000 бухтаға дейін BV типті кабель шығаратын кабель зауытын салу көзделген.

Айта кетейік, Eurasia Holding Group / Jinone Excellence Investment – «Астана» халықаралық қаржы орталығында (AIFC) тіркелген холдингтік құрылым. Компания «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы индустриялық-логистикалық жобаларды іске асыруға маманданған.

Хабтың негізгі элементі қытайлық электрондық коммерция компанияларын, ресейлік трейдерлер мен еуропалық жүк жөнелтушілерді қоса алғанда, үшінші тараптардың жүктерін сақтауға және өңдеуге арналған ашық үлгідегі «А» типті кеден қоймасы болады. Бұл формат өңірдегі тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, халықаралық сауданың дамуына серпін береді.

«Менің ойымша, бұл жоба өңір үшін аса қажет әрі стратегиялық маңызы жоғары бастама. Оның әлеуеті өте үлкен. Бұл – тек бастамасы ғана, біз алдағы уақытта да өңірде жаңа жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Жоба транзит, сауда, индустрия және логистика салаларының дамуына серпін береді деп сенемін. Бүгінде Қазақстанда 9 мыңнан астам қытайлық компания жұмыс істейді, 250-ден астам бірлескен жоба іске асырылуда», – деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов.

Жоба Қытайды, Орталық Азияны, Ресейді, Шығыс Еуропа мен Еуропалық одақты байланыстыратын еуразиялық өнеркәсіптік синергия дәлізі үшін негізгі холдингтік платформаны қалыптастыруға бағытталған. Халықаралық көлік бағыттарының тоғысында орналасқан Орал қаласы ЕАЭО елдерінің нарықтарына тікелей шығатын заманауи индустриялық-логистикалық орталық қалыптастыру үшін айтарлықтай әлеуетке ие.

Жиынға қатысқан Қытай Халық Республикасының бас консулының орынбасары Чжан Нан екі елдің стратегиялық байлынысы нығайып келе жатқанын атап өтті. БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің мәліметі бойынша 2026 жылдың бірінші тоқсанында облысқа тартылған инвестиция көлемі 22,4%-ға ұлғайды. Өңірге 1 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған. Jinyi Yuan Fang холдинг тобының бас кеңесшісі Фэнг Сонг хабта интеллектуалды басқару жүйесі орнатылатынын, оның Қытай мен Еуропаны байланыстыратын халықаралық логистикалық паркке айналдыруға күш салатындарын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау