$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Берлиндегі маңызды кездесу: Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

Редактор
29.09.2026, 09:28
Ақорда
Ақорда
Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Ақорда жазды. Мемлекет басшысы Берлинге Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен барған.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия басшылығымен келіссөздер өткізуі жоспарланған. Кездесулер барысында Қазақстан мен Германия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылады.

Сондай-ақ тараптар екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту және өзара тиімді әріптестікті нығайту мәселелерін талқылайды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Германия дипломатиялық және экономикалық байланыстарды дамытуға басымдық беріп келеді. Биыл тамыз айында Германияның Қазақстандағы елшісі Хайке Ренате Пайч Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау