$ 487.44
 567.38
 6.62

Astana Half Marathon аясында ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды

Редактор
07.06.2026, 13:06
Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласы әкімдігі
 Алаңда пластикті қайта өңдеуге арналған велошредерлер мен экструдерлер де орнатылған. 

Astana Half Marathon жартылай марафоны аясында саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жартылай марафон бағыты бойындағы тамақтану орындарында пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды бөлек жинауға арналған тоғыз арнайы қабылдау пункті ұйымдастырылды. Оның сегізі жарыс бағыты бойында орналасса, тағы бірі старт-мәре қалашығында жұмыс істейді.

Сонымен қатар Econetwork ұйымымен бірлесіп, старт-мәре аймағында арнайы жасыл алаң ұйымдастырылды. Онда жарысқа қатысушылар мен қонақтар үшін экологиялық шеберлік сабақтары мен интерактивті іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Алаңда пластикті қайта өңдеуге арналған велошредерлер мен экструдерлер де орнатылған.

Соның арқасында қонақтар мен қатысушылар заманауи экологиялық технологиялардың жұмысымен танысып, табиғатты қорғау ісін қызықты әрі пайдалы интерактивке айналдыра алады.

Қонақтар мен жүгірушілер үшін қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жауапкершілік мәселелеріне назар аударатын арнайы интерактивті экологиялық ойын әзірленген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафон барысында жиналған барлық қоқыс қайта өңдеуге жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау