Алматы қаласындағы жекеменшік клиникалардың бірінде күтпеген жағдай тіркелді. Іші ауырып, асқазан-ішек жолдарында мәселе бар деп ойлаған әйел дәрігерлер көмегіне жүгінген.
Клиника мамандары тексеру жүргізіп, УДЗ нәтижесінде әйелдің жеті айлық жүкті екенін анықтаған. Тағы бір таңғаларлығы — қаралу барысында оның толғағы басталып кеткен.
Дәрігерлер жедел әрекет етіп, қажетті медициналық көмекті көрсеткен. Нәтижесінде әйел аман-есен босанып, дүниеге дені сау қыз бала келген.
Медициналық орталық өкілдерінің айтуынша, бұл — әйелдің алғашқы жүктілігі. Ерлі-зайыптылар бұған дейін бала сүймеген. Ең қызығы, отбасы дәл қыз баланы армандаған екен.