Мәдениет

Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған ән кеші өтті

10:30, 25 сәуір 2025 32

Биыл «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл. Осыған орай Алматыда сазгердің өшпес өнер туындылары шырқалған ән кеші өтті деп хабарлайды bairaqmedia.kz

«Ән аға-жан аға» атты концертті Түркістан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы ұйымдастырған. 

Даңқты композитордың әндерін тыңдауға келген халықты «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі Шәмші әндерін аспапта ойнап қарсы алды.  Әнсүйер қауым біртуар сазгердің өзі қолданған бұйымдары мен киімдерін тамашалау мүмкіндігіне де ие болды. Сондай –ақ, Шәмші ауылынан алынған ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Арнайы тақтайшалардан Шәмші әндерінің шығу тарихынан хабардар болды. 

Кеште 60 жылдан астам тарихы бар өнер ордасының әртістері мен эстрада жұлдыздары Ұлы композитордың таңдаулы шығармаларын орындады.  Концерт барысында Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер көрерменге жол тартты.

Шәмші әндерінің кешінде Республика сарайы әдеттегідей лық толы болды. Бұл әлбетте өнерпаздарға үлкен шабыт сыйлаған. 

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз