$ 444.3
€ 490.91
₽ 5.41

Алматыда Қазақ ұлттық университетінің студенті көз жұмды: Күдікті ұсталды

Редактор
16.11.2026, 16:44
ЖИ
ЖИ
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) бірінші курс студентінің өліміне байланысты күдікті ұсталды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

«Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, 16 қарашада әлеуметтік желілерде ҚазҰУ студентінің көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Кейін университеттің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасап, марқұмның география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курсында оқығанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау