Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті көз жұмды. Қайғылы жағдай туралы ақпаратты жоғары оқу орнының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
16 қарашада әлеуметтік желілерде ҚазҰУ студентінің көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Кейін университеттің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасап, марқұмның география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курсында оқығанын хабарлады.
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ата-анасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр. Университет жағдайдың объективті қаралуына жан-жақты жәрдемдесуде», – делінген ресми хабарламада.
Университет басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасына қажетті материалдық және моральдық қолдау көрсетіп жатыр. Сонымен қатар оқу орны көпшілікті қайтыс болған студенттің жақындарының қайғысына құрметпен қарауға және расталмаған ақпарат таратпауға шақырды.
Айта кетейік, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасында көз жұмған бірінші курс студенті Жәнел Қарамысова жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Ресми нұсқада оның өзіне қол жұмсағаны айтылған.