$ 456.89
 531.36
 5.32

Алматы қаласы – дүниежүзілік тоғызқұмалақ астанасы

Редактор
10.09.2026, 16:18
дереккөз
дереккөз
Жарысқа 200-ге жуық спортшы қатысып, рапид түрінен 5 тур бойынша өзара бақ сынады

2026 жылғы 9 қыркүйекте Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ астанасы – Алматы қаласында, «Достық» спорт кешенінде Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне арналған мерекелік спорттық жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Іс-шараның салтанатты ашылуына Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Мерей Абзалбеков қатысып, жарысты ресми түрде ашты. Ол қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық зияткерлік спортымыз – тоғызқұмалақты өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

Жарысқа 200-ге жуық спортшы қатысып, рапид түрінен 5 тур бойынша өзара бақ сынады. Турнир қорытындысында жүлделі орындарға ие болған спортшылар Алматы қаласы Спорт басқармасының қолдауымен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті Болат Оспанов тоғызқұмалақ спортын дамытуға, жас спортшыларды тәрбиелеуге және ұлттық ойынды кеңінен насихаттауға үлес қосып жүрген Алматы қаласының тоғызқұмалақ жаттықтырушыларына алғыс хаттар табыстады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық зияткерлік спорт түрі тоғызқұмалақты кеңінен дәріптеу, балалар мен жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақ санасына сіңіру және тоғызқұмалақ спортының бұқаралық дамуына қолдау көрсету.

Алматы қаласының Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ астанасы ретіндегі мәртебесіне сай, ұлттық зияткерлік спортымызды дамыту, бұқараландыру және халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау